Қазақстандық әйел жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызып", 217 миллион теңге жымқырған

Фото: Ru.freepik.com
Бас прокуратура әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына талдау жүргізу кезінде әйелдің заңсыз әрекеті әшкере болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікті жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған.
“Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келтірілген”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”