Қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын тастап, АҚШ-қа көшіп кеткен
Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары борышкерлерді, алимент төлемейтіндерді және туыстық байланысын үзген адамдарды іздестіріп жатыр. Істеу барысында 75 іс өндірісте болған.

Істің тең жартысына жуығы балаларын тастап кеткен немқұрайлы ата-ананы іздеуге қатысты деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Істердің бірінде баланың анасы іздеуде болған. Полицияның мәліметінше, 40 жастағы қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын бұрынғы күйеуінің қолына тастап, Түменге (Ресей) кеткен. Тәртіп сақшылары сол жерге қажетті сұраныстарды жолдап, кейін әйелдің АҚШ-қа қоныс аударып, сонда тұруға рұқсат алғанын анықтады.
Нәтижесінде қазақстандық әйелдің қайда екені анықталды. Оған жеке сот орындаушысына жүгіну туралы міндеттеме жіберілді. КЕҰ ДП бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"