Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында рекорд орнатып, алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Мексикадағы турнирде отандасымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келімен алдына жан салмады.
Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.
Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18 дейін жалғасады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады