Қазақстандық әуекомпаниялардың ұшақтарында интернет қашан пайда болады: Көлік министрлігі жауап берді
Фото: istockphoto.com
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қазақстандық әуекомпаниялардың ұшақтарында интернетке қосылу қызметі қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ластаевтың айтуынша, жаңа қызметті ең алдымен жақын арада елге жеткізілетін заманауи әуе кемелеріне енгізу жоспарланған.
“Олар Dreamliner 787 типті әуе кемелері. Ең алдымен осы ұшақтарға ұшу кезінде интернет қызметін орнату жоспарлануда. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде”, – деді Ластаев.
Ауылдарға шағын ұшақпен қатынау ұсынылды: Көлік министрлігі оның қалай жүзеге асатынын айтты (видео)
Шенеунік қосымша жоспарларды ескере отырып, қызметтің жақын арада іске қосылатынын атап өтті.
“Менің ойымша, бұл биылғы жылдың соңы және келесі жылдың басы болады”, – деді вице-министр.
Ластаевтың сөзінше, жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерді орындайды.
"Негізінен, әрине, халықаралық рейстер болады, өйткені қашықтық ұзақ", – дейді шенеунік.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Қазақстан өңірлерін бір-бірімен байланыстыру үшін шағын авиацияны дамытуды ұсынған еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"