Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арнайы тарифі бар SIM-карталар пайда болады

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруге міндеттелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

Елімізде кәмелет жасқа толмаған балаларға арнайы SIM-карталар әзірленеді. Бұл ұсыныстың жүзеге асырылуын уәкілетті мемлекеттік органдар талқылап жатыр. 

Балаларға арналған SIM-картаның артықшылығы:

  • Ата-ананың бақылауы;
  • Балаларға арналмаған контенттен қорғау;
  • Баланың қайда жүргенін бақылау.

“Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балалар SIM-карталарын пайдалану байланыс операторларының белсенді қолдауымен және цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен сүйемелденеді. Ата-аналар балалардың қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жоғары технологияларды пайдалана алады. Ал операторлар өз ұсыныстарын отбасының қажеттіліктеріне бейімдейді. Бүгінде Қазақстанда операторлар балалардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз етпей, тек білім беру ресурстары қолжетімді болу үшін балаларға арналған арнайы тарифтер ұсынады”, – делінген хабарламада.



Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға арналған SIM-картаның қашан енгізілетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін елімізде балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылған еді. Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.

Талқылау