Қазақстандық әнші Украинаның "Голос" шоуына қатысып, Потапты өзіне қаратты
Әнші Ерназар Жұбан Украинаның "Голос" шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінен өтті. The Weekend тобының "Take My Breath" әнін орындаған атыраулық жігітке белгілі продюсер Алексей Поталенко (Потап) бұрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы секундтарда Ерназарға украиналық продюсер Алексей Поталенко бұрылды.
"Соңғы сәтте бұрылғым келіп кетті. Себебі дауыспен ойнап тұрдыңыз. Барлығы мінсіз болды дей алмаймын. Бірақ батылдығыңыз үшін бұрылдым.
Біз Қазақстаннан келетін қатысушыларды өте жақсы көреміз. Олар - нағыз жауынгерлер", - деді Потап Ерназардың өнеріне баға беру барысында.
Айта кетейік, Ерназар Жұбан былтыр "Қазақстан дауысы" жобасына қатысқан еді. Ол Сәкен Майғазиевтің тобында өнер көрсетті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"