Қазақстандық Әли Ахмедов қарсыласын 30 секундта тізе бүктірді (видео)
Қазақстандық танымал боксшы Әли Ахмедов қарсыласын небәрі жарты минутта сұлатып салды. Бастапқыда жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық Әли Ахмедов пен қарсыласы Эндрю Эрнандес арасындағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden аренасындағы басты кездесудің андеркартында өтті. Басты кездесу – Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченкоға тиесілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жас боксшы бұл жекпе-жекте WBC International Silver чемпиондық белбеуі үшін таласқан болатын. Қазақстандық осылайша өзінің алғашқы WBC белбеуін сәтті қорғады. Бұл Ахмедов үшін он алтыншы жеңісі, ал оның қарсыласы сегізінші рет жеңіліп отыр.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді