Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер: Өзге жігітпен төсектес болған әйелімді кешіріп, біреудің баласын бауырыма бастым

Кешелі бері көгілдір экранда Кенже мен Сарбиноз есімді ерлі-зайыптының тағдыры жыр болды. Өзін Айгүл Иманбаеваның әкесі құлдықта ұстады деген азамат шырғалаң тағдырын баяндады. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқатта" айтылды.

Кенже Ешимов жетімдер үйінің түлегі. Қара жұмыс істеп табан тоздырған жігіт бір кездері өзін Айгүл Иманбаеваның әкесі құлдықта ұстағанын айтты. Ал өзі әйелі мен қызын тастап кете барған. Әйелі өзге азаматтармен көңіл жарастырып, балалы болған екен. 

Сарбиноз есімді бойжеткен 6 жыл бұрын Өзбекстаннан Қазақстанға келеді. Кенжемен танысып, бас қосады. Медина есімді ортақ қызы бар. Кенже әйелімен жанжалдан кейін оларды тастап кете барғанын айтады. Содан бері 3 жыл бойы отбасына оралмаған. Ал Сарбиноз желіде танысқан азаматтардан көмек сұрап, өзін құтқаруын өтінеді. 

"Мен әйелімді тастап кеткен жоқпын. Менімен бірге бармады. Ақша төлемеген соң кеткім келді. Әйелім қызымды алып маған ермеді. Мен кетіп қалдым. Кейін ол өзге жігітпен кездесіп, бала туған екен. Баланы жігіттің анасы асырап алыпты. Оны кешіріп бірге тұрдық. Кейін басқа азаматпен бас қосты. Бізді қолдап жіберетін адам жоқ. Егер қолдау болса, үй алып, жұмыс істеп, бірге тұрар едік", - деді Кенже. 

Кенже Ешимов "Секер" атты кинода басты рөлді сомдаған азамат. Фильм режиссері Сәбит Құранбеков пен Еркін Рақышев Кенжені әлі де бірнеше фильмге шақырғысы келеді.

"Кенженің бойында талант бар. Мінезі бар. Ол өз рөлін жақсы ойнап шықты. Әлі де болса, оны киноларға шақырғым келеді", - деді кино режиссер Сәбит Құранбеков.

Кенже үш рет тұрмыста болып, 4 бала туған Сарбинозбен қайта қауышқысы келеді. Мединаға жақсы әке болғысы келеді. Алайда Сарбиноз одан бас тартты. 

"Мені қойға айырбастап кетті дегенді ойдан шығардым. Бірақ мен бір жылдай күттім. Қазіргі күйеуімнен қорлық көрдім. Ол қызыма да тиісті. Одан бір балам бар. Құлдықтан емес, күйеуімнен қорлық көрдім. 4 жыл маған ақша төлеген жоқ. Бірақ аған ақша керек емес. Балаларымның, өзімнің құжаттарымды жасап берсе деймін. Өзбекстанға ата-анама кеткім келеді. Кенжеге сенбеймін. Ол мені талай тастап кетті. Сондықтан сенімім жоқ", - деді ол. 

Қызы мен әкесі көрісті. Сарбиноз аман-есен табылды. Енді көпшіліктің қолдауымен құжаттары рәсімделеді. Алайда Кенжемен бас қоса ма, жоқ па ол уақыттың еншісінде. 

Бұған дейін жетім бала мені Айгүл Иманбаеваның әкесі құлдықта ұстады деп мәлімдеген еді. 

Талқылау