Қазақстанды жаяу аралап шыққан қария алдағы уақытта Жер шарын аралауды жоспарлап отыр
73 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов алдағы уақытта Жер шарын жаяу аралауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қария саяхатты 2 жылға жоспарлап отыр. Алдымен Атырау қаласынан бастап, сапарды Шығыс Қазақстанда аяқтамақ. Осылайша салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп отыр екен.
Ақсақал барлығы 16 200 шақырым жолды еңсермек. Бұл өткен жылғы сапарынан екі есеге ұзақ.
"2 тамызда Атыраудан бастаймын. Сосын Астрахань, Дағыстан, Шешенстан, Грузияға барып, Түркияда сапарды аяқтаймын. Бұл – бірінші кезеңі. Ал екінші кезеңді келер жылы бастаймын", – деді Сәрсенбай Қотырашов.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"