AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанды серпіліс күтіп тұр": Асқар Ақаев Қазақстанның жетістігі неде екенін айтып берді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев алдағы уақытта елімізді "серпіліс" күтіп тұрғанына сенімді. Сөзінше, Қазақстанға мүмкіндікті жіберіп алмай, білімге инвестиция құюды бастау керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

ақаев

Ақаев экономикадағы өсімнің басты себебі Қазақстандағы демографиялық жетістік екенін айтады. 

"Демография – халықтың тағдыры. 1990-жылдары жапондықтар бесінші буындағы компьютерлерді жасап, жасанды интеллектке жақындады, Американы барлық салада басып озды. Сарапшылар 5-10 жылдан кейін Жапония экономикасы әлемде 1-орынға көтеріледі деп санаған. Алайда бұлай болмады. Мұның себебі Жапониядағы туу көрсеткіші баяулады", – деді Ақаев Алматыдағы кездесу барысында.

Ол технологиялық ілгерлеудің халық санының өсіміне тура пропорционал екенін көрсететін заң бар екенін айтады. Экономистің сөзінше, XVIII ғасырда өнеркәсіптегі революция Қытайда емес, Англияда болған. Себебің мұнда халық санының өсімі жоғары деңгейде болыпты. 

Ақаев Қазақстан үкіметіне білім мен цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға кеңес береді. 

"Қазір Қазақстанда халық санының өсімі мен білім деңгейі жақсы. Сіздерге не істеу керек? Сіздерге цифрлық сауаттылық деңгейі 30%-дан көтерілуі үшін цифрлық білімді қолға алу керек. Осы кезде сіздерде технологиялық серпіліс болады", – деді Қырғызстанның бұрынғы президенті. 

Асқар Ақаевтың пікірінше, Қазақстанда "инновациялық индустрияны" құрып, нано және биотехнологияны дамыту қажет. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр