Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов өткен ай бойынша ең танымал есімдерді атады.

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

“2017 жылдың сәуір айында Қазақстанда 29 099 бала туған: 15 125 қыз және 13 974 бала. Олардың ішінде 437 қыз Айзере есімін иеленсе, 398 – Айару және 319 сәбиге қойылған Раяна есімі де көш бастайды. Ал ер балалар арасында – Әлихан. Бұл есім 279 балаға берілген. Одан кейін Айсұлтан мен Нұрислам есімдері бар. Біз есімдер туралы мәліметтерді үнемі жариялап отырамыз. Сосын ата-аналар балаларын “қалай атамау керек” дегенге ойланып, ерекше есім таңдауға тырысады”, – деп әзілдеді Даленов.

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

Танымал есімдердің қатарында мына есімдерде де бар. Әйелдер: Кәусар, Әмина, Айлин, Інжу, София, Медина. Ер есімдер: Әлинұр, Әли, Ерасыл, Санжар, Әмір, Мирас, Арсен. Ең көп туу көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелген. Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі.

 

Талқылау