Қазақстандағы университеттердің бірінен Назарбаевтың есімі алынып тасталмақ
Тұңғыш президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Президент Жарлығының жобасын дайындады.
Осылайша университет атынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін алып тасталмақ.
Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 27 желтоқсанына дейін талқыланатын болады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған