Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Қанша адам қамауға алынғаны белгілі болды

Бас прокуратура Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан қамауға алынғандар саны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бас прокуратура Алматыдағы қайғылы оқиғаның және өзге өңірлердегі терактілердің барлық себептері мен егжей-тегжейлерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Бүгінгі таңда жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі тергеп жатыр, оның ішінде 44-і терроризм актісі, 34-і - жаппай тәртіпсіздік және 15-і кісі өлтіру бабы бойынша", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде жасалған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғау туралы 6966 хаттама толтырылды.

"4918 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 978 адам қамауға алынды. 791 адамға айыппұл салынып, 2 149 адамға ескерту жасалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ретте соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.

Талқылау