Қазақстанда коронавирустың қайта өршуі қашан болады? Денсаулық сақтау министрлігі болжам жасады
Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елімізде COVID-19 пандемиясының өршуі басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін ол республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтқан еді.
"Аурудың өршуін біз қай кезеңге болжаймыз? Ағымдағы жағдай көрсетіп отырғандай, оқиғалар оптимистік болжам бойынша дамуда. Осыған сәйкес біз апта сайын болжамды деректерімізді қарастырамыз. Бұл жағдайдың дамуы немесе пессимистік болжам бойынша нашарлау жағдайында болжам жасауға болады. Аурудың шыңы қаңтар айының соңында, ақпанда болады", - деді Ерлан Қиясов.
Қараша айында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой пессимистік болжам бойынша желтоқсан мен қаңтар айларының екінші жартысында Қазақстанда COVID-19 ауруының кезекті шыңы болатынын айтты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі