Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы барлық деңгейдегі әкімдер енді "Amanat" партиясында қызмет атқармайды

Қазақстандағы барлық деңгейдегі әкімдер енді "Amanat" партиясында қызмет атқармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде партияда айтылды.

аманат

"Amanat" партиясының облыстық және аумақтық филиалдарында партия конференциялары өткені хабарланды. Күн тәртібінде филиалдардың 2022 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағалары қызметінен босату мәселесі қаралған.

Партия наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажеттігін айтқанын атап өткен. Қараша айының басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер қабылданды.

"Конференциялардың нәтижесінде барлық деңгейдегі әкімдер "Amanat" партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары болып табылмайды, сондай-ақ партияның тиісті филиалдарының саяси кеңестері мен саяси кеңестерінің бюроларының құрамына кірмейді", - делінген мәлімдемеде.

Талқылау