Қазақстандағы ауруханаларда, интернаттарда және қарттар үйлерінде карантин жарияланды
Қазақстанда медициналық ұйымдарда карантиндік шаралар күшейтіліп, карантин жарияланды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар - ауруханалар, медициналық және әлеуметтік нысандар, қарттар үйлері, интернаттар - карантинге жатқызылды, демек, бұл мекемелер мен ұйымдарға баруға тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мемлекеттік арна эфирінде.
Іс-шаралар мекемеде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар, аталған медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілуде.
"Оның ішінде фото және видео түсіруге тыйым салынды", - деп толықтырды Біртанов.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 27 коронавирус жағдайы тіркелген: 16-сы - Нұр-Сұлтанда, 11-і - Алматыда.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?