Қазақстанда жұмыссыздарға тегін азық-түлік таратылады
Мемлекет басшысы мүгедектерден бөлек жұмыссыз азаматтарға тегін азық-түлік таратуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейту керек. Мұндай көмекті 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, кемтар балалар мен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленедіТегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.
Мұндай көмек жинақтарының көлемін ресми түрде бекіту қажет. Шағын және орта бизнес өкілдерін тасымалдау мен өнім өндіруге тарту маңызды. Үкіметке отандық IT ұйымдарды осы жағдайды қадағалау үшін арнайы платформа құрастыруға жұмылдыруды тапсырамын. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек", - деді президент.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген