Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жүргізушілердің дәурені жүріп тұр: Оларға миллион теңгеден астам жалақы ұсынылады

Қазақстанда және ТМД елдерінде жұмыс іздеу және персоналды іріктеу бойынша жетекші онлайн-платформа HeadHunter (hh.kz) жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын талдау және HeadHunter сайтында орналастырылған жұмыс іздеушілердің түйіндемесі негізінде шолу жасап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Қазақстанда жүргізушілер нарығы жалақы жағынан болсын, мамандыққа сұраныс бойынша да айтарлықтай өскен. Кейінгі деректерге сай, еліміздегі жүргізушілерге ұсынылатын орташа жалақы 2023 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 25% өсіп, орташа мәнде 249 мың теңгеден және 317 мың теңгеге жетті.

Әсіресе Алматы, Астана, Орал және Қостанай сияқты ірі қалаларда жүргізушілер сұранысқа ие, мұндағы жалақы көлемі де жоғары. Такси жүргізушілеріне арналған бос жұмыс орындарының көшін жүк көлігі жүргізушілері, АТЗ жүргізушілері мен экспедитор жүргізушілер бастап тұр. Оларға ұсынылатын айлық көлемі 500 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін барады. Олар ең "қымбат" ұсыныстар тізімінің басында тұр.

2024 жылғы сәуір айындағы талдауға сәйкес, жүргізушілерге сұраныс өткен жылы 58% өсті, ал 2023 жылы бос жұмыс орындарының жалпы саны 17 мыңға жуықтады. Көбінесе компаниялар мен жеке жұмыс берушілер Алматы, Астана, Қарағанды және Қостанайда жүргізушілерді іздеген, бұл еліміздің ірі қалалары мен өңірлерінде осы кәсіптің рөлі маңызды екенін көрсетеді.

Айта кету керек, әрбір екінші бос жұмыс орны еңбек шарты бойынша рәсімдеу мүмкін екенін көрсеткен, бұл еңбек туралы заңнаманы сақтауға және жүргізушілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге ұмтылысты айқындап тұр.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2024 жылдың II-IV тоқсанына Enbek.kz электронды еңбек биржасының деректер базасында бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады. Оған сәйкес, 2024 жылы ең көп сұранысқа ие мамандықтар – мұғалімдер мен орта медициналық қызметкерлер болады. 

Талқылау