Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталады
Фото: freepik.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбені ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агнеттігі хабарлайды.
Министрлік өкілдері негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтетінін еске салды.
Бұдан бөлек, министрліктің хабарлауынша,
- ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;
- "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым – 20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
- Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым – 10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
- Шығармашылық емтихандар 7 шілде – 15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
- Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде – 20 шілде аралығында қабылданады;
- Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Қосымша ақпаратты жоғары оқ орындарының ресми парақшалары мен сайттарынан білуге болады.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген