Қазақстанда жоғарғы білім беру қызметі 18,1 пайызға қымбаттады
Елімізде жоғарғы оқу орындарындағы қызмет құны соңғы кезеңде шамамен 18,1 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, көш басында Атырау облысы. Қаладағы жоғарғы оқу орны бағасы мен қызметі бір жылда 53,8 пайызға қымбаттап отыр. Мұнан кейін 36,9 пайызбен Қостанай облысы. Үштікті Түркістан өңірі қорытындылаған. Мұнда университеттердегі қызмет құны 31,5 пайызға артыпты.
Дей тұрғанымен қымбатшылық еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады. Бірақ көрсеткіштер бойынша тізім соңында Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстары тұр. Аталған өңірлерде оқу бағасы 4,7 – 7,9 пайыз аралығында ғана өскен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі