Қазақстанда жетім балаларды қонақ отбасына қабылдаудың шарты өзгерді
Енді Қазақстан территориясында тұрақты тұратын алайда психологиялық дайындықтан өтпеген қазақстандықтар қонақ отбасыға бала қабылдай алмайды. Оқу-ағарту министрі жарлығымен 2022 жылдың 18 тамызынан бастап бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізілді, соның ішінде баланы қонақ отбасына беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, баланы қонақ отбасына алуға ниет білдірген адам өзінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдарды оқытудан өткендігі туралы анықтаманы тапсыруы керек.
Алайда бұл жақын туыстарға қатысты емес.
Айта кететін жайт, қонақ отбасына қабылдау туралы ережелерде жақын туыстардың тізімі бекітілген. Бұл ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер кіреді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”