Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеті жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынбақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев Қазақстанда жеті жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Carsweek.ru

Қайта өңдеуге қатысты петицияны қоғамдық талқылау барысында Бектібаев "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгертулер енгізуді ұсынды. Бектібаевтың айтуынша, жұмыс тобы ұсыныстарды әзірлеп, олар бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Жұмыс тобы тарапынан елге жеті жылдан асқан көліктерді әкелуді шектеу туралы ұсыныс айтылды. Енді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында материалдарды ұсынуға тырысамыз. Бізді бес мемлекет қолдайтын болса, әрине", – деді Бектібаев.



Бектібаев олардың жоспары оптимистік болып көрінетінін, сондықтан бірқатар елдер қолдамауы мүмкін екенін айтты.

"Егер барлық ел келіссе, біз техникалық регламенттерге және басқа да қажет актілерге өзгерістер енгіземіз. Оптимист болсам да, Армения мен Қырғызстан бұл механизмді қолдамаса, өтпей қалуы мүмкін деп қорқамын. Алайда біз сөйлесуге тырысамыз. 10 жылдан бастап көруіміз де мүмкін. Уақыт өте келе көбі көлік паркін жаңарту керек деген оймен келісетініне сенемін. Әйтпесе біз бүкіл елді ластап жатырмыз. Ел азаматтары үшін алаңдасаң, ең алдымен олардың қауіпсіздігін ойлаған жөн", – деді Бектібаев.

Сондай-ақ ол талаптарға спорттық, коллекциялық, көрме және винтаждық автокөліктерге қатысты ерекшеліктер кіретінін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі электромобильдерге қойылатын міндетті жапсырмаларды алып тастағаны туралы жазған едік. 

Талқылау