Қазақстанда жерлеу және зираттарға күтім жасау ережелері өзгерді
Қазақстанда жерлеу және бейіттерге күтім жасауды ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың 23 ақпандағы өкіміне сәйкес, елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бірақ сонда қайтыс болған адамды жерлеу үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі тегін бөлінуі тиіс.
"Зират аумағы қабірлер бар бірнеше қатарға бөлінген. Көліктерге арналған және бейіт орындарына өтетін жолдары бар жерді қамтиды", – делінген бұйрықта.
Осы ережеге сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның әкімдігінің зираттарға қатысты міндеттері белгіленді:
- Бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу және деректерін жинақтау;
- Жерлеу, зираттарды күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету туралы шарттардың сақталуын бақылау;
- Жергiлiктi атқарушы органның сайтында және мемлекеттiк кадастрлық картада бос жатқан зират учаскелерi туралы өзектi ақпаратты орналастыру.
Сонымен қатар әкімдер бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алуы міндетті.
Негізі жабық зираттарда мәйіттерді қайта жерлеуге болмады. Бірақ аталған құжатта қай кезде қайта жерлеуге болатыны айтылды:
- Зиратты немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою кезінде;
- Қазақстан Республикасы немесе одан тыс жерлерде қайта жерлеу үшін жеке қабірлердің қалдықтарын тасымалдау кезінде.
Қайтыс болған адамда аса қауіпті жұқпалы аурулар болмаған жағдайда ғана жерленген сәттен бастап алғашқы екі апта ішінде қайта жерлеуге болады.