Қазақстанда жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін қайта қарау ұсынылды
Қазақстанда жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін қайта қарау ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы Астанада өткен үкімет пен бизнес өкілдерінің кездесуінде айтылды.
Кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау ұсынылды.
-
"2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды": Сарапшылар жаңа салық кодексін талқылады
“Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осы кездесу барысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үкіметтің елдегі қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынатынын мәлімдеген еді.