Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөніс 15 пайызға дейін қымбаттаған
Қазақстанда жемістер мен көкөністердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда қымбаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сарапшылар бағаны өткен айлармен салыстырып, маусымдық төмендеу болғанын алға тартты. Маусымдық жеңілдіктерге қарай баға 0,8% төмендеген.
Бірақ бұл баға өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, бір жылда жеміс-жидек бағасы орта есеппен 15 пайызға дейін өскен.
Қазақстан ТМД бойынша такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында
Ең қатты қымбаттаған – алма. Алманың құны шамамен 17%, банан 8%, апельсиндер 5% өскен. Бірақ лимон 3% арзандады.
Көкөністердің ішінде сәбіз бағасы 18% өсті. Сонымен қатар қызылша, қияр, қызанақ, картоп қымбаттады. Бірақ ақ қырыққабат пен пияз бағасы арзандады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар