Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: akorda.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа қаулыға қол қойды.
“Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын”, – делінген құжатта.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі өзіне берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып бекітілді.
Жарлық қол қойылған күнінен, яғни 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында үкіметке жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған еді.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда