Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жанар-жағармайды заңсыз шығаруды бақылау күшейеді

20 қаңтарда премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бензин

Премьер-министрдің ақпарат ресурсындағы мәліметке сәйкес кеңеске энергетика министрі Болат Ақшолақов, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қатысқан.

“Кеңеске қатысушылар жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі ахуалды және қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігін талқылады. Шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде (мазут, пеш отыны, еріткіштер және т.б.) заңсыз шығару әрекеттері орын алып жатқаны айтылды”, – делінген хабарламада. 

Премьер-министр Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде отынды елден заңсыз шығару фактілеріне бақылауды күшейту және ондай жағдайлардың жолын кесу жөнінде шара қабылдауды тапсырған

Сондай-ақ отырыста мұнай-газ саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Талқылау