Қазақстанда жанар-жағармайды автокөлікпен әкетуге салынған тыйым мерзімі ұзартылады
Премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елден жанар-жағармайды автокөлікпен шығаруға салынған тыйым мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, кезекті жиында инфляцияны тежеу, ішкі нарықты және отандық өндірісті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданған.
"Атап айтқанда, 2023 жылғы 31 қаңтардан 31 шілдеге дейінгі дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қолданыстағы шектеулерді тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мұнайға және қара мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарын есептеудің әдіснамалық тәсілдеріне өзгерістер мақұлданды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"