Қазақстанда жаңадан 2 университет ашылады
Келесі жылы елімізде 2 бірдей жаңа жоғарғы оқу орны ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін және елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады. Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі.
Сонымен қатар 2022 жылы Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады. Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, одан соң жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жетеді», - деді ҚР премьер министрі Асқар Мамин мәжілісте өткен жиында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"