AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі. Сондай-ақ енді жұмыс орнында жарақат алып мүгедек болғандар мемлекет есебінен емделеді, бірақ барлық жағдайда емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

“Бүгінгі күні жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда олардың міндеттемесін мемлекет өзіне алады. Бұл ретте айта кететін мәселе, кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдеу жүргізу кезінде мүгедек адамдар оңалту техникалық құралдарын алу мүмкіндігінен айырылған уақытта”, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. 

Қазір еліміздегі 1-топтағы 66 мың мүгедектің әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Енді ол олқылық түзетіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтындарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылды. Оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінде ақы төленеді. Баланың мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуы бойынша алатын жәрдемақысын да енді бір мезгілде тағайындауға болады.

Мүгедек баласы кәмелетке толған отбасыларға тұрғын үй кезегіне қайта тұруға рұқсат беріліп отыр. Осындай өзгерістер енгізілген заң жобасын бүгін Сенат бірінші оқылымда мақұлдап берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр