Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Қазақстанда 1 ақпан – азаматтық авиация қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, мұндай ұсыныс Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінен түскен.
"Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті бұл мерекені белгілеу бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады", – делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Мамандар бұл кәсіби мереке еліміздің азаматтық авиациясы саласындағы іс-шараларға ерекше мән беретінін және мемлекеттің жас авиaция мамандарының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болатынын атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"