Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мереке күнін белгілеу ұсынылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, еліміздегі мерекелер тізіміне 16 сәуір жаңа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні белгіленбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстау, сол арқылы тұрғындарға қолайлы және жайлы өмір жағдайын жасайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ басқарма бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілде айының төртінші жексенбісінде атап өтілгенін еске салды. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мерекені тойлау Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.



Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бір қызығы бастама Ашық НҚА веб-сайтында 2021 жылдың сәуір айында жарияланған. Бірақ күн тәртібінен алынып тасталған. Министрлік мұндай шешім Қазақстандағы індетке қатысты жағдайға байланысты қабылданғанын, бүгінге дейін құжатты жариялауға ешқандай қарсылықтар болмағанын хабарлады.

Талқылау