Қазақстанда жалған техникалық байқауға төленетін айыппұл 370 мыңға дейін өседі
Заң жобасы шеңберінде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске ресми техникалық байқау үшін айыппұлды 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделгені хабарланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Техникалық байқауды ресми жүргізудің (жүргізбеудің) салдары техникалық ақауы бар көлік құралдарының жол жүрісіне жіберілуінен көрінетінін атап өткен жөн, бұл жол-көлік оқиғалары, оның ішінде өліммен аяқталатын оқиғалар санының өсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты айыппұлдар осындай құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы және олардың одан әрі жасалуына жол бермеуге тиіс", – делінген хабарламада.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда қайта жасалған құқық бұзушылықтар үшін техникалық байқау операторының қызметіне 3 жылға дейінгі мерзімге рұқсаттан айыру көзделген.
Сондай-ақ осы заң жобасы шеңберінде техникалық байқау операторларының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту – хабарлама жасау тәртібінен рұқсат беру жүйесіне көшу көзделген.
"Осы түзетулерді қабылдау автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық байқау операторларының санын 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді деп сенеміз", – деп атап өтті көлік министрлігі.
Қазір нарықта бұл қызметті 960-қа жуық техникалық байқау операторлары көрсетеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды