Еңбек министрі зейнетақы жинағының қазіргі жеткілікті шегін ұзартуға қатысты пікір білдірді
Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін қазіргі жеткілікті шек бойынша алу уақыты ұзартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып, ведомствоға тиісті ұсыныс келіп түспегенін айтты. Кез келген ұсынысты министрлік егжей-тегжейлі пысықтап, өзінің ұстанымын жариялайтын болады.
Сонымен қатар Шәпкенов зейнетақы жинаған бірінші кезекте лайықты деңгейде болуы керек екенін атап өтті.
"Жеткілікті шегіне тоқталсақ, біл мәселеге түрлі призмалар арқылы қарау керек. БЖЗҚ – ол адамдардың өзінің лайықты зейнатақысына жинаған қаражаты. Осыдан қаражатты үнемі ала берсек, онда ертең адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыны алатын болады. Бұл дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрілігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымды айтатын болсақ, ел азаматтары зейнет жасына жеткенде, оның табысына сәйкес лайықты зейнетақысы болуы керек", - деді министр.
Айта кетcек, 1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегі шамамен екі есе өседі.
Бұған дейін Amanat партиясы қазіргі жеткілікті шектің мерзімін ұзартуды ұсынған еді.