Қазақстанда ҰБТ-да 139 балл алған екі талапкердің нәтижелері жойылды
Қазақстанда ҰБТ-2022-де 140 мүмкін ұпайдың 139-ын жинаған екі талапкердің ұпайы жойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тест тапсыру кезінде айла жасаған талапкерлердің нәтижелері жойылды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram желісінде.
"Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын кайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданылып, тестіленушілердің ұпайын жойылды. Құрметті, талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетiңiздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 БАЛЛ жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл СIЗ болуыңыз мүмкін, біз СІЗДІ күтеміз!" - дейді Руслан Емелбаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды