Қазақстанда вирусты жұқтырғандар саны 840-қа жетті
Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 сәуір 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай. Вирусты жұқтырған тағы 28 адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 28 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласынды - 1 адам, Алматы қаласынды - 5 адам, Атырау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 11 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 840 науқас тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирустан оныншы адам көз жұмғанын хабарлаған едік.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?