Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан оныншы адам көз жұмды

Алматы қаласында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайлы Stan.kz. Науқас 1963 жылы дүниеге келген.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді.

Алматы қаласында - 1 адам, Павлодар  облысында - 1 адам, Атырау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам.

Жалпы 808 науқас тіркелді.

Көз жұмған адам 1963 жылы туған, ол коронавирсу жұқтырған адаммен байланыста болған.

29 наурызда екі жақты полецементальды пневмония диагнозымен жедел медициналық бригада оны ауруханаға жеткізді, онда коронавирус инфекциясына тексерілді. 

1 сәуірде науқастың жағдайының нашарлауына байланысты оны жасанды өкпе желдеткішіне қосты.

Қарқынды терапияға қарамастан, жағдай жедел респираторлық, жүрек-қантамырлық және жедел бауыр жеткіліксіздігінің дамуымен біртіндеп нашарлады. Науқаста сонымен қатар диабеттің 2 тобы болған.

Онымен байланысқан барлық адамдар уақытша ауруханада карантинге алынды.

Талқылау