Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда В және С гепатиттерін анықтау үшін жаппай тексеріс жүргізілмек

Қазақстанда вирустық гепатиттермен аурушаңдықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдар арасында В және С гепатиттерін анықтау үшін толық скрининг жүргізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

"Пилоттық бағдарлама нәтижелеріне сәйкес, 18 жастан асқан адамдар арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтау үшін тиімді диагностикалық әдістерді пайдаланып, Қазақстанда толық скрининг жүргізу туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, В және С вирустық гепатиттері инфекциясын ерте анықтау бойынша пилоттық бағдарламаның нәтижелері, сондай-ақ елдегі аурушаңдықты төмендету үшін шараларды іске асырудың қадамдары денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова мен ауруларды талдау орталығы қорының директоры, доктор Хоми Разавимен өткен кездесуде талқыланды.

"В және С вирустық гепатиттер көбінесе жасырын түрде (симптомсыз) өтетіндіктен, 65% жағдайда олар бауыр циррозы немесе бауыр обырының дамуына әкеледі, бұл өз кезегінде инфекция жұқтырған науқастың өліміне және мүгедектігіне себеп болады. Сондықтан инфекцияның тасымалдаушыларын ерте кезеңдерде анықтау және емдеу маңызды, себебі олар вирустық гепатиттердің тасымалдаушысы болып табылады", – делінген хабарламада.

Талқылау