Қазақстанда тұтынушылық несиенің көлемін шектеу ұсынылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелердің көлемін шектеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлім етті.
"Біз тұтынушылық несиелердің шекті сомасын енгізгіміз келеді. Өйткені қазір тұтынушылық несиелерді 100 миллион теңгеден, миллиард теңгеге дейін берілетінін байқадық. Бір миллиард теңгелік несие тұтынушылық емес, кәсіпкерлік мақсаттағы несие екені анық. Қазақстан халқының несиелік қарызын азайту үшін біз максималды соманы шектегіміз келеді", – деді ол.
Қизатовтың айтуынша, тұтынушылық несиенің максималды мөлшерін әлі де банк қоғамдастығы нақтылайды.
Еске салсақ, агенттік борышкерлерге жаңа несиелер мен қарыздар алуға тыйым салуды ұсынған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар