AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркелді

Қазақстанда 2021 жылы 450 652 бала дүниеге келген. Осылайша, 2020 жылы 425 618 бала дүниеге келген алдыңғы рекорд жаңарды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы елімізде 450 652 бала туу тіркелген, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың балаға немесе 5,9%-ға көп.

2021 жылы 1000 адамға шаққандағы жалпы туу көрсеткіші 23,41 құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 22,40 болды. Өткен жылы 1000 адамға шаққанда туудың ең жоғары көрсеткіші Шымкентте (31,60), ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (12,27) тіркелді. Осыған дейін Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша жаңа рекорд 2021 жылы орнатылатынын хабарлаған болатын.

Еске салайық, туу көрсеткіші бойынша соңғы рекорд 2020 жылы орнатылған болатын. Ол уақытта Қазақстанда 425 618 бала дүниеге келген. Осылайша, 1987 жылғы 417,1 мың бала дүниеге келген бұрынғы рекорд жаңарды. Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылы Қазақстан халқының саны 248 мың адамға өсіп, 19 125 620 қазақстандыққа жеткен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Сондай-ақ өткен жылы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 19 миллион адамнан асты. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Сол айда Алматы халқының саны 2 миллион адамнан асты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр