Қазақстанда төлем карталары бойынша ақша аудару ережелері күшейтіледі
Ұлттық банк 23 қазандағы қаулы бойынша төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ оларды пайдаланып, операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді банктер үшінші тұлғаның пайдасына төлем карточкасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсеткенге дейін тұлғаны хабардар етуі тиіс:
- Үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты тәуекелдер болуы мүмкін;
- Үшінші тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ұсынатын адамдардың ықпалымен ақша аударуды жүзеге асыратын тәуекелдер;
- Ақша алушының бастамасы немесе сот шешімі бойынша операцияны жою және ақшаны қайтару мүмкіндіктері.
Микроқаржы ұйымдары төлем карточкаларына микронесие беру кезінде қарыз алушыға кредит сомасы аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем карточкасын пайдалануды қамтамасыз етеді.
Микронесиелік ұйым қарыз алушыға берілген микронесие туралы ақпаратты, ақшаның оның банктік шотына түскені туралы хабардар етеді.
Сондай-ақ электронды банктік қызмет көрсету кезінде банк рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарына қарсы іс-қимыл процесін автоматтандыратын жүйелерді қолданатыны айтылады.
Қаулы 2024 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”