Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау туралы мәселені қарастырып жатырмыз – Ақпарат министрі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік платформасын бұғаттау мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: blogvarient.com

Мәжіліс алаңында министрге “Елімізде қандай әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін?” деген сұрақ қойылды.

“Мұның барлығы заңсыздық пен құқықбұзушылықтың қаншалықты шектен шығып, етек алуына байланысты. Атап айтқанда, TikTok. Министр ретінде айтарым, менің ойымша әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесін қарастыру керек. Балалар да, біз де қандай балағат сөздердің айтылып жатқанын көріп отырмыз. Тіпті көріпкелдер бал ашып отырады”, – деп жауап берді Аида Балаева.

Биліктегілер балаларды қорғау үшін әлеуметтік желіге бірқатар шектеу енгізуі мүмкін. Алайда басқалар мұны бостандықты шектеу деп қарастырады.

“Сіз осылай ойлайсыз. Дегенмен біз барлық мәселені жан-жақты қарастыруымыз керек. Кез келген мемлекеттік орган қандай да бір дерекке сілтеме жасай отырып, шешім қабылдамайды. Жан-жақты қарастырады, зерделейді, сосын бірқатар шаралар қолданады. Қолданатын шаралар бәріне бірдей ұнай бермейді. Дегенмен біздің міндетіміз – тұрақтылық пен бірлікті сақтау”, – дейді министр. 

Бұған дейін депутат кәмелет жасқа толмағандарға TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынған еді.

Талқылау