Қазақстанда темекінің бағасы айтарлықтай өсті
Темекі өнімдерінің бағасы бір айда 0,7 пайызға, бір жыл ішінде 12 пайызға өсті. Бір айда бағаның едәуір өсуі Шығыс Қазақстан (3,2%), Павлодар (2,5%) және Жамбыл (2,1%) облыстарында байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, мәжіліс депутаттары темекі өнімдерін сатудың Қазақстандағы жасын 18-ден 21 жасқа дейін ұлғайту туралы норманы мақұлдады.
Қазақстандағы фильтрлі темекінің бір бумасының орташа бөлшек сауда бағасы 2020 жылдың сәуір айының соңында 465 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 12,4 пайызға жоғары.
Сәуірде Семейде фильтрлі темекі алты пайызға қымбаттап, бір орам үшін 478 теңгеге дейін өсті. Одан кейінгі орында - Павлодар - 2,4 пайызға 454 теңгеге және Тараз - 2,4 пайызға 471 теңгеге дейін өсті.
Ірі қалалар мен мегаполистер арасында фильтрлі темекінің ең жоғары бағасы Қостанай (490 теңге), Ақтөбе (488 теңге) және Нұр-Сұлтан (485 теңге); ең төмені Петропавлда (439 теңге), Қызылордада (444 теңге) және Алматыда (447 теңге).