Қазақстанда темекі тағы 350 теңгеге қымбаттайды – Қаржы министрлігі
Қазақстанда 2024 жылға қарай темекі 300-350 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 мамыр күні министр Сенат отырысында ТМД елдері басшылары арасындағы салық саясаты негіздері жайлы келісімді жою туралы заң жобасын таныстырды.
"Біз 2024 жылға дейін тауар үшін мөлшерлемені 35 еуроға өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл, шамамен, мың данасы үшін 16 000 теңге болады. Егер есептесек, бір қорабы үшін 300-350 теңге", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Осылайша, темекі бағасы қорабы үшін 300-350 теңгеге өседі. Сондай-ақ министрден құрамында қанты бар сусындардың бағасы туралы да сұрады. Сөзінше, әзірге бұл мәселе үкіметте талқыланып жатыр. Бірақ Қаржы министрлігі салықты белгілеу кезінде назар аударатын негізгі үш факторды атады: тұрғындар денсаулығы, орта және шағын кәсіпті қолдау және мемлекет бюджеті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"