AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы 6 университет жабылуы мүмкін – Асхат Аймағамбетов

ҚР Оқу-ағарту министрі  Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм каналында жоғары оқу орындарын қайта профильдеу бойынша жұмыс жүргізілгенін және білім беру сапасы төмен оқу орындарының лицензиясынан айырылғанын айтты. Елімізде тағы 6 университетті жабу туралы шағым сотқа жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нәтижесінде 15 жоғары оқу орны жабылды. Сонымен қатар тағы 6 университетті жабу туралы шешімдеріміз сотқа шағымданып жатыр. Жабық ЖОО-ның 100 мыңнан астам студенті оқуын жалғастыру үшін басқа университеттерге ауыстырылды. 66 университет 505 лицензияны әлсіз білім беру бағдарламалары үшін қайтарды. Оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияны қайтарып алу үшін 4 университетпен сот процесі жүріп жатыр", – деп жазды министр.



Сондай-ақ ол осы кезеңде педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының саны 80-нен 55-ке дейін қысқарғанын айтты. Бұдан былай болашақ мұғалімдерді тиісті дайындық сапасын жақсы қамтамасыз еткендер ғана шығара алады. Заңгерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарының саны 72-ден 61-ге қысқарған.

"Енді университеттерге берілетін лицензиялар шектеусіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі. Ал қайта рәсімдеу автоматты түрде емес, біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", – деді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр