Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз ауыл оқушысы Еуропа университеті гранттарының иегері атанды

Алғаш рет 2022 жылғы IQanat 9 түлегі Еуропаның Vitautus Magnus University (Литва) университетінде оқуға 100% грант иегері атанды. Тағы 15 түлек Назарбаев Университетіне грантты еншіледі.

Өткен жылы IQanat High School of Burabay түлектерінің 85%-ы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түсті. 2022 жылғы жалпы қабылдау нәтижелері тамыз айында белгілі болады.

«Iqanat» олимпиадасы және Қордың басқа да білім беру бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі - IQanat High School of Burabay-ға оқуға қабылдану, мықты педагогтармен қарым-қатынас жасаудың баға жетпес тәжірибесін алу, жаңа достар табу, жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін береді.
Соңғы 4 жылда Қор бүкіл Қазақстан бойынша таралған 152 мыңға жуық ауыл оқушысын қамтыды. Бұл балалардың барлығына сапалы білім алуға жол ашылды.

Қордың білім беру бағдарламалары тек үздік оқушыларға ғана емес, өз қатарластарына жетіп, деңгейін көтергісі келетін өскелең ұрпақ өкілдеріне де арналған.

Мұның бәрі ауыл балаларына қамқорлық танытуға бей-жай қарамайтын 95 кәсіпкердің қолдауы мен қосқан үлесінің арқасында мүмкін болып отыр. IQanat қоры еліміздің басқа да бизнесмендерін осындай маңызды мұратқа атсалысуға шақырады.

Тоғыз оқушының тізімі:

Талқылау