Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш куәгер болуы керек: Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға шығын қалай өтелді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mail.kz

Вице-министрдің айтуынша, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мал шығыны көбірек болған.

“Өтемақы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттан алынып жатыр(...). Барлығы алды (өтемақыны - еск.), кейбіреуі бюджеттен, кейбіреуі бюджеттен тыс қаржыдан, қорлардан”, – деді Бердалин ОКҚ брифингінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3 753 бас, Қостанай облысында 3 520 бас, Батыс Қазақстан облысында 2 457 бас, Атырау облысында 1 562 бас, Ақмола облысында 510 бас, Ұлытау облысында 453 бас, Қарағанды облысында 89 бас, Абай облысында 79 бас, Солтүстік Қазақстан облысында 27 бас ауыл жаруашылығы жануары өлген. Барлығы – 12 450 мал.

Министрлік барлық өңірде шығын 100% өтелгенін айтты.

Жеті облыста зардап шеккендерге ақшалай түрде 10,5 мың бас мал үшін ақша төленген. Тағы үш облыста тұрғындарға 1 885 бас ауыл шаруашылығы жануары сатып алынған.

Еске салайық, бұған дейін су тасқыны болған облыстарда 8,1 мың бас мал қырылғанын жаздық. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин облыс әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге шығарылғанын айтты.

Талқылау