Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктерді коронавирустан тегін емдейтін болды

Коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, баспана іздеушілер кепілдендірілген ақысыз медициналық көмектің көлеміне ие болатын аурулар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы қазақстандық ақпараттық-құқықтық жүйесінде жаңа бұйрық жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 12 қазанда тіркелді.

Шетелдіктер үшін тегін медициналық көмек алуға құқығы бар аурулардың жаңа тізімі 23 тармақтан тұрады. 

Ифтерия, қызылша, қызамық, көкжөтел, скарлатина, желшешек, паротит,  полиомиелит, менингококк инфекциясы, тырысқақ, іш сүзегі, туберкулез , психикалық, мінез-құлық бұзылыстары, өкпе күйдіргісі, оба, вирустық геморрагиялық қызба, сары безгек, вирустық гепатит А, Е, безгек, коронавирус инфекциясымен ауырған шетелдіктер тегін емделеді.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұйрығымен шетелдіктерге, Қазақстанда уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамдарға және баспана іздеушілерге медициналық көмек мөлшері тағайындалатын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр