Қазақстанда шетелдік азамат ұшақта маска тағудан бас тартқаны үшін жазаланды
Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің жолаушысы ұшақ бортындағы маска режимін бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы - шетелдік, Украина азаматы. Ол ұшаққа отырғызу кезінде маска тағудан бас тартты. Бұл үшін оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.
Сондай-ақ, мониторингтік топ әуежайларда және кеме бортында жолаушылардың маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін тұрақты негізде рейдтер жүргізетіні атап өтілген.
"Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов тұрғындарға әуежайда тіркелу және әуе кемесінің бортына отырғызу кезінде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады. Бұл денсаулықты сақтауға, сондай - ақ жазадан құтылуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті