Қазақстанда саяжай маусымы қызуда: Wildberries-та бақша техникасына сұраныс 105%-ға артты

Көптен күткен көктемгі жылы ауа райы келгелі бері қазақстандықтар бақшалары мен демалыс орындарын жөндеуге белсене кірісіп жатыр. Wildberries деректеріне сүйенсек, 2026 жылғы наурызда ел бойынша бақша техникасына сұраныс 105%-ға өскен. Ал бақша егуге арналған құрал-жабдықтардың сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артқан.
Саяжай маусымы басталғалы қазақстандықтар тұқымдар мен тыңайтқыштарды көбірек сатып ала бастады. "Бақшаға арналған барлық заттар" санатында арасында негізгі дақылдар ең көп сұранысқа ие болған. Мысалы, отырғызуға арналған пияз бен сарымсаққа сұраныс 1251%-ға, ал тұқымдық картопқа сұраныс 492%-ға артқан.

Саяжай иелері өз себетіне қосымша тауарларды да қосуда. Тыңайтқышқа тапсырыс 220%-ға, бақша арбалары 150%-ға, жылыжайлар 48%-ға өскен. Ал тұқым өндіретін құрылғыға барлық өңірде сұраныс 131%-ға артқан.
Қол құралынан техникаға
Бақша техникасы сегментінде ел тұрғындары қол құралдарын қолданудан бас тарта бастады. Бұл тапсырыстарға әсер етті:
- Топырақ өңдейтін құрал (культиваторлар) сатылымы ел бойынша 537%-ға өсті;
- Шөпті шабу құралдарына (триммерлер) сұраныс 518%-ға артты;
- Шынжырлы электр аралар 4 есе;
- Ал жерді бұрғылауға арналған электрлі құрылғыға (мотобурларға) осы көктемде сұраныс 2,5 есе өсті.
Саяжайдағы жайлылық: Жиһаз бен декор
Қазақстандықтар үшін саяжай тек жұмыс орны емес, сонымен бірге демалатын, жайлы және ыңғайлы етуге тырысатын кеңістік. Наурыз айында бақша орындықтарының сатылымы 113%-ға, ал бақша орындарына арналған қоршаулар 160%-ға өскен. Қоршаған ортаға қамқорлық танытатын адамдардың құстарға арналған үйшіктерге қызығушылығы екі есе артқан (+100%).
Аймақтар нені сатып алуда: Электр араларынан бастап субұрқаққа дейін
Wildberries аналитикасы Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі тұтынушылардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетті. Мысалы, Алматыда бағбандықпен айналысатындар жұмысты жеңілдететін техникаға басымдық береді. Топырақ өңдейтін машина – культиваторларға сұраныс 1400%-ға, ал бақшада шөп кесу құралы триммерлерге 1049%-ға артқан.

Сонымен қатар алматылықтар әсемдік пен үйлесімділікті де назардан тыс қалдырмайды. Олар гүл құмыраларын (+60%) және газонға арналған шөп тұқымдарын (+57%) белсенді түрде сатып алып жатыр.
Шымкентте электр араларға қызығушылық 127 есеге артқан. Ал жасанды газондар мен бақша аркаларына сұраныс 25 есе өскен.
Астанада саяжай маусымына дайындық жан-жақты жүріп жатыр. Тұқым сатып алудан (+588%) бастап, көшет жылыжайына арналған жабдықтарға (+300%) дейін, сондай-ақ аумақты абаттандыруға дейін қамтылған. Тұрғындар көше қоқыс жәшіктерін (+400%), бақша гүлзарларын (+143%) және тіпті жәндіктерге қарсы шамдарды да (+100%) белсенді түрде сатып алып жатыр.

Атырау тұрғындары ең алдымен жайлылыққа көңіл бөледі. Саяжайдағы демалысты ыңғайлы ету үшін күркеге арналған перделерді 12 есе жиі сатып ала бастаған. Бақшаны тазалап, суару жұмыстары да жанданып отыр. Осыған байланысты қуатты жел үрлегіштер мен су сорғыларға сұраныс 4 есеге өскен.
Қарағанды өңірінде көрсеткіштер тіпті рекорд жаңартқан. Көкөніс пен көк шөп тұқымдарына қызығушылық күрт өсіп, 1475%-ға жеткен. Ал жылыжайларға сұраныс 4 есеге көбейген. Бұдан бөлек, тұрғындар бақшаға арналған жиһаздарын да жаңартып жатыр. Бұл бағыттағы сұраныс 2 есеге артқан.

Ақтөбеде электр аралар бұрынғысынша сұраныста (өсім 127 есе). Сонымен қатар субұрқақтар мен жылыжайларға қызығушылық 2 есеге артқан. Бақша жолдарын жасауға арналған жабындар мен тақталарға да сұраныс өсіп келеді (+67%).
Түркістан өңірі әр бөлшекке мән беруімен ерекшеленеді. Мұнда сәндік тастарды 6 есе жиі сатып алады. Дайын топыраққа сұраныс 3 есеге артқан. Сондай-ақ бақшаны қорғауға арналған арнайы құралдар да жиі алынуда.